Жаңалықтар

Ақтөбеде 28-29 қыркүйек күндері «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Туған жер» жобасы бойынша республикалық жерлестер форумы өткізілді. Оған әлемнің 20 мемлекетінде тұратын 300-ден астам ақтөбелік қатысты. Меймандар Қазақстанның және шет мемлекеттердің түрлі салаларында жоғары жетістікке жеткен атақты тұлғалар. Республикамыздың білім беру жүйесін дамытуға, сонымен  қатар, еліміздің көркеюіне мол үлесін қосқан басты тұлғалар бізде қонақта болды.

Толығырақ...

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты оқушыларының «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» , ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанұлы Сұлтановпен жүздесуі

Толығырақ...

 

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында «Жақсы кітап-жан азығы» тақырыбында кітап алмасу-буккросинг акциясының ашылуы 24 мамыр күні ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты: оқушыларды әдеби кітап оқуға тәрбиелеу, білім сапасын және функционалдық сауаттылығын арттыру, жазғы каникул уақытында бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Акция аясында жатақхана фоесінде көркем әдебиет туындылары жинақталған бұрыш, арнайы кітап сөрелері жасақталып, кітапханада кітап оқитын орындар ұйымдастырылды.

Толығырақ...

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатына  ,  2017-2018 оқу жылына 6,7,8 сыныптарға оқушылардың құжаттарын қабылдау 26 мамыр мен 24 маусым аралығында жүргізіледі. Оқушылар конкурстық  негізінде қабылданады.

Қабылдау 2 турдан тұрады.

Толығырақ...