Жаңалықтар

 

Аяуова Райса  Қосжанқызы- ұстаздық еңбегінде оқытудың заман талабына сай, жаңа технологиялық жүйесін жетік меңгеріп, оқушылардың санасына білімді жаңаша меңгертуге мақсат еткен үлгілі ұстаз. Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық  қасиеттеріміздің  асылдарын асқақтата отырып, шәкірттеріне нұр құятын  ұстазды  ғана  бүгінгі  күннің   лайықты  тұлғасы  деуге  болады.

Толығырақ...

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының 7-9 сынып оқушылары өзін-өзі тану пәнінен «Мен - Қазақстан азаматымын» атты облыстық олимпиадаға қатысып, жоба қорғау нәтижесінде 7 сынып оқушысы Итемген Диас Русланұлы І орынға ие болып, республикалық олимпиадаға жолдама алды.

Толығырақ...

     

 Математика, физика, информатика мұғалімдерінің V халықаралық шығармашылық конкурсы 2017 жылдың 1-2 қараша күндері Алматы қаласында №178 мектеп лицейінде өткізілді. Аталған олимпиадаға Ақтөбе облысынан, Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының төменде аталған мұғалімдері қатысты:

1.Шерияздан Талғат-математика пәні мұғалімі;

2.Бозшин Бекболат-физика пәні мұғалімі;

3.Арызахметов Еркебұлан-математика пәні мұғалімі;

4.Тілеп Айжан-физика пәні мұғалімі;

      V халықаралық шығармашылық конкурсына барлық облыстан және Ресей Федерациясынан, Украинадан барлығы 53 физик пен 107 математик қатысты.

Толығырақ...

2017 жылы қараша айының 8-9 күндері Алматы қаласы, Алатау шипажайында өткізілген «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсына Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатынан физика және тарих пәндері мұғалімдері қатысып, биік тұғырдан көріне білді. Физика пәні мұғалімдері Каракоз Енсегеновна Тлеумагамбетова мен Әсем Уәлиханқызы Насан «Мектеп қабырғасындағы қазіргі заманғы физика» тақырыбында қатысып, «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының жүлделі ІІ дәрежелі Дипломымен, тарих пәні мұғалімі Ботагөз Еңсегенова «Тарих толқыны» тақырыбында қатысып, «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының жүлделі ІІІ дәрежелі Дипломымен марапатталып, мектеп мерейін үстем етті.

Толығырақ...

Құнары мол сусындаған бұлаққа,
Шәкірттері түскен талай сынаққа.
Жүлде алып әлемдік сан сайыста
Физматтың даңқы кеткен жыраққа-дегендей, мектеп-интернатымыз тағы мәрте биіктен көріне білді.
 Мектеп-интернатымыз Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Үздік мамандандырылған білім беру ұйымы» республикалық конкурсына қатысты. Конкурс педагогикалық ұжымның шығармашылық қызметін дамыту, педагогикалық қызметкерлердің кәсіби шеберлігін көтеру, орта білім беру жүйесінде озық педагогикалық және басқару тәжірибесін тарату, инновациялық әзірлемелерді қолдау, білім беру жүйесінде инновацияны дамыту және білім беру саясатын жүзеге асыру мақсатында өткізілді.

Толығырақ...