Жаңалықтар

 Мектепішілік әдістемелік апталық 5-желтоқсанда физика-информатика бірлестігінде  өткізілді.

8 класта физика пәнінің мұғалімі Сүлейменов Бегдулла «Заттың агрегаттық күйлері өзгерген кездегі жылу мөлшерін есептеу» атты сабағын өткізді. Сабақ кезінде жылу машиналары туралы түсінік бере отырып, жұмыс жасау принциптеріне тоқталды. Есеп шығару, шығарған есептерге талдау жасай білуге, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда топпен, интерактивті тақтамен, кітаппен жұмыс жүргізілді. Оқушылардың физика пәніне қызығушылықтары бар екендігі байқалды.

Толығырақ...

Бірлестік жетекшісі математика пәні мұғалімі Жанбуршина Қайнаргүлдің ұйымдастыруымен мектеп мұғалімдерінің арасында «Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру жолдары» атты коучинг өтті.Коучингте ұстаздар топқа бөлініп, жаңа білім беру бағдарламасындағы кейбір ұғымдардың мәнін ашылып,өздеріне қажетті мәліметтерді алып,, жаңа көзқарастың негізгі бағыттарынашолу жасалды. Коучингте әрбір топ мүшелері өзіндік көзқарасын білдіріп,өздерінің ойларын білдірді. 

Толығырақ...

Мектебімізде 3 желтоқсан – 9 желтоқсан аралығында «Мұғалімнің шеберлігі  - сапалы білімнің кепілі» атты мектепішілік әдістемелік апталық өткізілді. Мектепішілік әдістемелік апталықтың мақсаты: мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жоғарлата отырып, өзіндік ізденістерін арттыру. 4 желтоқсанда математика бірлестігінің жетекшісі Жанбуршина Қайнаргүлдің ұйымдастыруымен  «Математика саласындағы жетістіктер» атты ғылыми- танымдық фильм көрсетілді.Оқушылар видеоматериалдарды көріп,өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп,қызығушылықтары жоғары екендігін көрсетті. 

Толығырақ...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған облыстық сырттай «Жемқорлықсыз өмір» атты үздік бейнероликтер байқауына мектеп-интернат оқушылары қатысып, өз үлестерін қосты. 11 сынып оқушысы Орынбасар Амандық «Транспарентті мемлекетті қолдаймыз!» тақырыбында бейнероликтер байқауына қатысып, нәтижесінде Орынбасар Амандық ІІ дәрежелі Дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Амандыққа шығармашылық табыстар тілейміз!

Толығырақ...

 

Аяуова Райса  Қосжанқызы- ұстаздық еңбегінде оқытудың заман талабына сай, жаңа технологиялық жүйесін жетік меңгеріп, оқушылардың санасына білімді жаңаша меңгертуге мақсат еткен үлгілі ұстаз. Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық  қасиеттеріміздің  асылдарын асқақтата отырып, шәкірттеріне нұр құятын  ұстазды  ғана  бүгінгі  күннің   лайықты  тұлғасы  деуге  болады.

Толығырақ...