Жаңалықтар

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ақтөбе - Дарын» ӨҒТҚББО ұйымдастыруымен құрылған «Тәрбие.Білім.Дарындылық» шығармашылық топ іс шарасына орай Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика – математикалық мектеп –интернатының математика пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру мақсатында «Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ» тақырыбында математика апталығы болып өтті. Апталықта жас ұстаздар үлгілі сабақтар көрсетті, ал жоғары буын өкілдері түрлі деңгейдегі шеберлік кластар, панораммалық сабақтар, лекциялар өткізді.Апталықтың қорытындысында «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген тақырыпта математика пәні мұғалімдерінің іс – тәжірибесін бөлісуге арналған кеңейтілген отырысы  болып өтті.

Толығырақ...

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында  спорттық шаралар «Ұлт саулығы-болашақ кепілі» тақырыбында өткізілді. Мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру. Интернат оқушылары арасында 9-10-11 сыныптар арасында волейболдан жарыс, ал  6,7,8 сыныптар арасында «Пионер бол» ойыны ойнатылды. Волейбол жарысына 4 командадан оқушылар қатысты.

Волейболдан жеңіске жеткен командалар:І орынға 10 сыныптар, ІІ орынға 11 сыныптар, ІІІ орынға 9 сыныптар, ІV орынға аралас топтар.

«Пионер бол» ойынынан жеңіске төмендегі командалар ие болды:

І орынға «Қыран» тобы, ІІ орынға «Динамо» тобы, ІІІ орынға «Сұңқар» тобы, ІV орынға «Жастар» тобы ие болды.

Толығырақ...

Жаратылыстану және әскери спорттық бірлестігінде «География» пәнінен өткізілген «Атмосфералық жауын-шашын » атты ашық сабақтан көрініс

Толығырақ...

«МАМАНДЫҒЫМ-МАҚТАНЫШЫМ»-атты жас мамандар арасында Жас мамандар мектебінің жетекшісі Еңсегенова Ботакөздің ұйымдастыруымен байқау өтті.Сайысқа 4 жұп қатысты.Сайыс портфолио,өзін-өзі таныстыру,сабақтан үзінді,өз өнерлерін көрсету,ситуациялық сұрақтар бөлімдерін қамтыды. Жас мамандар сайысында көзге түскен мамандарға  «Жеңімпаз», «Жаңашыл», «Ізденімпаз» деген номинация берілді. 

Толығырақ...

Мектебімізде тілдер және қоғамдық пәндер бірлестігінде 7-желтоқсанда мектепішілік әдістемелік апталықтың әдістемелік күні өтті.Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Айетова Балжан 9а класында «Публистикалық стил» атты сабағында бейнематериалдармен жұмыс жасай отыра,өзекті сұрақтарды қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын өздері табу арқылы оқушылардың ой- пікірлерінің қалыптасуына жағдай жасады.Оқушылардың журналист маманы ретінде сезінулеріне мүмкіндік бере отырып,өзіндік көзқарастарының қалыптасуына жұмыстанды.Қазақ тілі пәніне оқушылардың қызығушылығы жоғары екендігі  байқалды.

Толығырақ...