Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ
×

Ошибка

[sigplus] Критическая ошибка: Папка галереи изображений fizmat/matematika как ожидается будет относительно пути базовой папки изображений, указанной в панели управления.

[sigplus] Критическая ошибка: Папка галереи изображений fizmat/matematika как ожидается будет относительно пути базовой папки изображений, указанной в панели управления.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ақтөбе - Дарын» ӨҒТҚББО ұйымдастыруымен құрылған «Тәрбие.Білім.Дарындылық» шығармашылық топ іс шарасына орай Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика – математикалық мектеп –интернатының математика пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру мақсатында «Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ» тақырыбында математика апталығы болып өтті. Апталықта жас ұстаздар үлгілі сабақтар көрсетті, ал жоғары буын өкілдері түрлі деңгейдегі шеберлік кластар, панораммалық сабақтар, лекциялар өткізді.Апталықтың қорытындысында «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген тақырыпта математика пәні мұғалімдерінің іс – тәжірибесін бөлісуге арналған кеңейтілген отырысы  болып өтті.

Мақсаты: рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, өз мамандығын қалтқысыз сүйіп, адал қызмет етіп жатқан ұстаздардың тағылымды еңбегін құрметтеп, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату,ата – ана мен балалардың,  мұғалімдер арасындағы байланысты көрсету.Кеңейтілген отырысқа Ақтөбе өңірлік мемлекеттік Қ.Жұбанов атындағы университетінің физика- математика  факультетінің деканы ф.м.ғ. кандидаты, доцент Қ.Т.Отаров, математика кафедрасы меңгерушісі  М.А.Тлеубергенова, физика кафедрасы меңгерушісі Ш.Ж.Сагимбаева және факультет оқытушылары, ата – аналар, мектеп түлектері қатысып отырды. Ақтөбе өңірлік мемлекеттік Қ.Жұбанов атындағы университетінің Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика – математикалық мектеп –интернат базасында математика және физика кафедраларының  филиалдарының ашылу рәсімі өткізіліп, екіжақты келісімшартқа қол қойылды.

{gallery rows=2 cols=3 margin=4 padding=2 } fizmat/matematika{/gallery}