Құттықтаймыз!
×

Ошибка

[sigplus] Критическая ошибка: Папка галереи изображений fizmat/bestschool как ожидается будет относительно пути базовой папки изображений, указанной в панели управления.

[sigplus] Критическая ошибка: Папка галереи изображений fizmat/bestschool как ожидается будет относительно пути базовой папки изображений, указанной в панели управления.

Құнары мол сусындаған бұлаққа,
Шәкірттері түскен талай сынаққа.
Жүлде алып әлемдік сан сайыста
Физматтың даңқы кеткен жыраққа-дегендей, мектеп-интернатымыз тағы мәрте биіктен көріне білді.
 Мектеп-интернатымыз Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Үздік мамандандырылған білім беру ұйымы» республикалық конкурсына қатысты. Конкурс педагогикалық ұжымның шығармашылық қызметін дамыту, педагогикалық қызметкерлердің кәсіби шеберлігін көтеру, орта білім беру жүйесінде озық педагогикалық және басқару тәжірибесін тарату, инновациялық әзірлемелерді қолдау, білім беру жүйесінде инновацияны дамыту және білім беру саясатын жүзеге асыру мақсатында өткізілді.

Республика бойынша 124 мамандандырылған мектеп-интернат болса,  60 мамандандырылған мектеп-интернаты конкурсқа құжат тапсырған. Одан 48 мамандандырылған мектеп-интернаты конкурсқа ілігіп, нәтижесінде Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты «Үздік мамандандырылған білім беру ұйымы-2017» І дәрежелі Дипломы мен кубогының жеңімпазы атанды. Сондай-ақ мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметкерлерінің педагогикалық тамыз кеңесінде мектеп директоры «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері» Тлеумагамбетова Каракоз Енсегеновна Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін  Құрмет Грамотасымен марапатталды. Осындай мәтінде Құрмет Грамотасымен химия пәні мұғалімі аяуова Райса Қосжанқызы да марапатталды.

Аяулы ұстаздар!Табиғатынан ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыру үшін аянбай еңбек етіп, жас ұрпақтың бойындағы күш жігері мен жақсы қасиеттерін ашсам деген шынайы мақсаттарыңыз орындалып, қоғам алдындағы міндеттеріңізді азаматтық тұрғыдан ойдағыдай орындауға тілектеспіз! Мектебіміздің жұлдызы жоғары, жолы нұрлы болсын!Абыройы асқақтай берсін!

{gallery rows=2 cols=3 margin=4 padding=2 } fizmat/bestschool{/gallery}