МЕКТЕПІШІЛІК ӘДІСТЕМЕЛІК АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫ «ДАРЫНДЫ ШӘКІРТ-БІЛІКТІ ҰСТАЗДАН»
×

Қателік

[sigplus] Critical error: Image gallery folder fizmat/adisjumis/1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder fizmat/adisjumis/1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық                мектеп-интернаты

 

 

 

 

 

МЕКТЕПІШІЛІК ӘДІСТЕМЕЛІК АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫ

«ДАРЫНДЫ ШӘКІРТ-БІЛІКТІ ҰСТАЗДАН»

 

 

 

ДАЙЫНДАҒАН:

АЯУОВА РАЙСА КОСЖАНОВНА

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық                               мектеп-интернатында                                        Рухани жаңғыру мақаласы аясында «Дарынды шәкірт- білікті ұстаздан»,--атты  өткізілген мектепішілік әдістемелік апталық  бойынша

 

ХАБАРЛАМА

 Мектебімізде 12 ақпан – 16 ақпан аралығында «Дарынды шәкірт – білікті ұстаздан»,- атты мектепішілік әдістемелік апталық болып өтті. Ел Президенті Н.Назарбаевтың «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсіну керек...» деген сөзін басшылыққа ала отырып,білімді шәкіртті тәрбиелеу әрбір ұстаздың міндеті.

         Апталықтың мақсаты: Пән мұғалімдерінің дарынды балалармен жүргізетін жұмыстарына қолдау көрсете отырып, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін жоғарлату».

12.02.2018 жылы математика бірлестігінде өткен әдістемелік күнде жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі Саржанов Орынбасар «Оқушыларды олимпиадаға дайындау жолдары» тақырыбында өз іс-тәжірибесін ортаға салды. Жұп-тақтық, координаталық әдіс, периметрді диагональ бойынша есептеулер, шахмат жүрісі бойынша есептеулер жүргізу оқушының логикалық ойлауын дамытатынын жан-жақты көрсетті. Математика пәні мұғалімі Арызахметов Еркебұлан «Функционалдық теңдеулерді шешудің негізгі әдістері» тақырыбында параметрленген теңдеулер, классикалық функционалдық теңдеулер оларды ауыстыру тәсілімен функционалдық теңдеулерді шешу жолдарын математикада қолданудың тиімді жолдарын нақты дәлелдермен көрсетті.

Математика пәні мұғалімі Ешмуратова Лида «Тереңдетілген сабақта оқушылардың дарындылығын арттыру» тақырыбында өз тәжірибесін ортаға салып, бағдарлама мақсатына ,сыныптағы оқушылардың бейімділігі мен қызығушылығын зерделеу арқылы дарындылығы мен таланттарын анықтау дарындылыққа  жетелейтіндігіне тоқталды.

Бірлестік жетекшісі Жанбуршина Қайнаргүл пән мұғалімдерімен бірге «Сындарлы оқуды іске асыруда мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсету» атты коучинг өткізді.  Топтық жұмыс жасалынды. «Менің жетістігім» тренингі, «Оқушыға білім беру мен тәрбиелеудегі әдіс-тәсілдеріңізді пайызбен бағалау», Абай, Шульман зерттеулерін жұмыс барысында басшылыққа   алып, бірлестік мүшелерімен өткізілген коучинг жұмысына пән мұғалімдері белсене қатысты.

 

13.02.2018 жылы мектебімізде физика-информатика бірлестігі әдістемелік күнді өткізді. «Физикадан олимпиадаға дайындау әдістері» ,-атты баяндамасында физика пәні мұғалімі Есенғали Бауыржан физикадан оқушыларды олимпиадаға дайындау туралы өзінің тәжірибесін ортаға салды. Магниттік өріс, электр қозғаушы күштің әсерлерін физикалық формулалар арқылы табу жолдарын көрсетті.

«Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау әдістемесі»-тақырыбында физика пәні мұғалімдері Карагулов Елубай, Сулейменов Бегдулла таңдау пәнінің ерекшеліктері, оқушылардың техникалық қабілетін анықтау және талдау, оқушыларға мамандық туралы берілген мәліметтер, ҰБТ-ға дайындықта жүйелі түрде өткізу, нәтижесін анықтау және талдау, тестілеу әдістемесі бойынша тесттің жетістіктері мен кемшіліктерін пән мұғалімдері жан-жақты көрсетті.

«Дарынды оқушымен жұмыстар» слайд-презентациясында физика пәні мұғалімі Насан Әсем негізгі қадамдар, дарындылық белгілері меен басты бағыттарына тоқталды. Бірлестік жетекшісі Бозшин Бекболат «Дарындылыққа жеткізер сара жол»,- атты семинар жұмысында видеоматериалдарды пайдалана отырып, топпен жүйелі жұмыстарды жүргізе отырып,қызығушылықты ояту, мағынаны тану, дарынды, талантты оқушының қасиеттерін пән мұғалімдеріне постер арқылы қорғатты.

«Блоб ағашы» - мұғалімдер ағаштағы санды таңдап, психологиялық сипаттама берді, кері байланыс «Мен ойымды толықтырдым ...» жүргізілді. Бірлестік мүшелері әдістемелік күнге дайындықпен келіп,өздерінің тәжірибесімен бөлісті.

14.02. 2018 жылы Жаратылыстану және әскери-спорттық бірлестігінде «Әлемдегі терең сыр ғылыммен ғана ашылмақ...» атты шебер-сынып өткізілді.Шебер сыныпта «Биология сабағында тұлғаның қызығушылығын жоғарлату»,- атты баяндамасында биология пәні мұғалімі Алғазина Назерке  өз пікірін ортаға сала отырып,  сабақ беретін 7-класта  сабақ барысында қолданылатын тест түрлерімен, сәйкестендіру жұмыс түрлері,семантикалық картамен жұмыс, терминологиялық сөздікпен жұмыс  жүргізу ерекшеліктеріне және оқушы қабілеттерін  арттыру жолдарына тоқталды.

         Дене тәрбиесі пәні мұғалімдері Утебаева Асима , Космухамбетов Болат «Біздің жетістіктеріміз – спортта» атты көрмесінде мектепте тоғызқұмалақ , теннис, волейболдан жеткен жетістіктерін баяндады. Келешекте биік жетістікке жету жолдарын көрсетті.

 Химия пәні мұғалімі Аяуова Райса «Шығармашылық қызметінің нәтижесі», - тақырыбында өз тәжірибесін  әріптестерімен бөлісті.

 

 Білім беруді дамытуға қосқан үлесі туралы, мемлекеттік білім беру жобаларына педагогикалық практикаға енгізу жұмыстары, қызметінің бағыты бойынша оқу –әдістемелік кешендер, авторлық бағдарламалар әзірлеу, инновациялық педагогикалық идеяларды насихаттауға қосып жүрген үлестері туралы өз пікірлерін ортаға салды.

Мектеп психологі Истигулова Мейрамгүл «Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың психологиялық ерекшеліктері»,- тақырыбында дарындылық қабілеттердің дамуы, техникалық, музыкалық қабілет, ғылыми жұмыста қабілеті туралы А.А.Лосева әдісі бойынша анықталған оқушы бойындағы дарындылықтың түрлерін кесте бойынша көрсетті. Әдістемелік күнге мұғалімдер белсенді қатысты.

15.02.2018 жылы Тілдер және қоғамдық пәндер бірлестігінің пән мұғалімдері «Дарынды шәкірт-білікті ұстаздан»,- атты мектепішілік әдістемелік апталық жұмысында «Оқушылардың қабілеттеріне  қарай шығарма, эссені жазу жолдары»,- атты пікірді қазақ тілі пәнінің мұғалімі Орынбасарова Тоты «Эссе» мағынасына, эссе оқушылардың өзіндік көзқарасын білдіретін, баяндайтын мәтінінен эссенің көлемі аз, тұжырымды ойды білдіретіндігіне тоқталды. Оқушылар 250-300 сөз жазу керек. Оқушыларды өз бетінше іздендіре отырып, эссені жазуға машықтандыру жолдарына    тоқталды.

«Жеке тұлғаны хронологиялық кестемен жұмыс жасауға баулу», - тақырыбында тарих пәні мұғалімі Еңсегенова Ботагөз мен Сағынғалиева Бақыткүл тарих пәнінен хронологиялық картаны жасау үшін оның уақыты, орны, шекарасы, кімдер болды жылын көрсету, тарихи тұлғамен байланысты жұмыс жүргізу туралы өз ойларын ортаға салды.

«Әрбір бала – бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер» атты дарындылықты анықтауда дарындылықтың өсуіне жағдай жасау керек. Суреттерді, өзіндік шығарма жазғызу, эссе жаздыруға баулу. Ғылым мен тілді құрметтеу туралы өз ойларын білдірді.

Ағылшын тілі пәні мұғалімі Сатаева Ғалия 9 класс оқушыларымен Чарльз Дикккенс туралы өз ойларын әдеби-тақпақпен көрсетті.

«Менің шәкіртім – менің жетістігім» коучинг жұмысын  Нургазина Жамиля жүргізді. Дарындылық, талант, қабілет ұғымдарына сипаттама берілді. Екі бейнеролик көрсетіліп, топпен жұмыс жасалды. Әдістемелік күн өз мақсатына жетті.

16.02.2018 жылы  «ЖАС ҚАНАТ» жас мамандар мектебінің мүшесі физика пәнінің мұғалімі Сүлейменов Бегдолла «Өз білімін көтеру жоспарын»,-ортаға салып,үлгісін ұсынды.Өз білімін көтеру жоспарының мақсаты мен міндетін, жоспардың бағыттарын, жасалған жұмыстарын,кәсіби біліктіктерін арттыру курстарынан өтуі,шәкірттерінің нәтижесі туралы жан-жақты баяндады.

«Мектептегі дебат клубының жұмысы»,- туралы математика пәнінің мұғалімі Рахметулла Зейнулла баяндады. Дебат клубының жұмысы  оның мақсаты мен міндеті, қатысатын оқушылардың тізімі мен құрылымы туралы айтылды.Келешекте жұмыс барысында жоспарды басшылыққа алу қарап «Сөз мәйегі-мақал керектігіне ұсыныс білдірілді.Мектепте дебат клубының жұмысына 10б  класс оқушысы Салаватова Назира мен 10акласс оқушысы Қарабаев Бақытжан белсене қатысатындығы айтылды.3 ФОРМАТ,АПП,БПП жұмысы бойынша үйрену керектігіне назар аударылды.Дебат клубының ережелерін жасақтау қажеттілігіне назар аударылды.

Мектептің әлеуметтік-педагогі Иманғалиева Гүлнар 6-кластар арасында «КІМ  ЖҮЙРІК»,-атты интеллектуалды ойын өткізді.Бұл ойында жұмбақтар әлемі,суретке қарап «Сөз мәйегі-мәтел», ойлан тап,сандар сөйлейді,тәрбиешілермен тренинг өткізілді. Ойын барысында көрнекіліктер көбірек қолданылды.Оқшылар белсене қатысты.

Мектебімізде өткізілген мектепішілік әдістемелік апталық жұмысына пән мұғалімдері жауапкершілікпен қатысты.Жас мамандар өздерінің тәжірибесін арттыру мақсатында мектепте өткізілген шараларға белсене түрде атсалысса нұр үстіне нұр болар еді.

 

 

     ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС ЖЕТЕКШІСІ:               АЯУОВА Р.К.

{gallery rows=2 cols=3 margin=4 padding=2 } fizmat/adisjumis/1{/gallery}