Психологиялық қызмет жаңалықтары

 

"Дарынды жəне ынталы оқушыларды сүйемелдеудің кешенді бағдарламасын əзірлеу жөніндегі жобаға қатысатын мамандандырылған білім беру ұйымдары"
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты 2021-2023 жылдары аралығында "Дарынды жəне ынталы оқушыларды сүйемелдеудің кешенді бағдарламасын əзірлеу" аясында республикалық кең көлемде үлкен маңызы бар жобаға қатысушы білім беру ұйымы ретінде енді. Бұл жобаға республика көлемінде 25 мамандандырылған білім беру ұйымы қатысады. Жоба аясында "Дарын" республикалық орталығымен бірлесе отырып, дарындылықты бағалау əдістемелері ұйымдастырылуда. Жоба жұмысы тəжірибелі ғалым- мамандардың сүйемелдеуімен іске асырылуда.

2021 жылдың 17-18 қарашасы аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Мектеп жасындағы дарындылықты бағалаудың заманауи әдістері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Іс-шараға дарындылықты зерттейтін педагогика және психология саласындағы жетекші ресейлік және отандық ғалымдар келіп қатысты. Халықаралық конференцияға мектеп-интернатымыздың психологі Мейрамгул Кантарбаевна қатысып, сертификатқа ие болды. Конференция аймағында  "Дарынды жəне ынталы оқушыларды сүйемелдеудің кешенді бағдарламасын əзірлеу"жобасы аясында жобаға қатысушы 25 мамандандырылған білім беру ұйымдарымен кездесу өтілді.

 

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика – математикалық мектеп – интернатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 10 – 11 класс аралығында «Дені сау ұрпақ, жарқын болашақ» атты тимбилдинг өткізілді. Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттай отырып, оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасты, ынтымақтастықты, өзара татулық пен бірлікті нығайту, рухани-мәдени құндылықтарын арттыру. Оқушылар арасындағы тимбилдингті педагог - ұйымдастырушы Гулнар Жонысовна, психолог Мейрамгул Кантарбаевна, дене тəрбиесі пəні мұғалімі Болат Шаукатович ұйымдастырды.

Толығырақ: «Дені сау ұрпақ, жарқын болашақ» атты тимбилдинг

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында Тəуелсіздік мерекесінің 30 жылдығына орай ата-ана, педагог, оқушы арасында 2021 жылдың 11-ші желтоқсанда "Отбасы, мектеп жəне саналы ұрпақ - табысты одақ бейнесі" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
✅ Мақсаты: педагог пен ата-ана, оқушының жетістікке жетуі үшін бірлескен ортақ мақсаттары арқылы одақтың ынтымақтастықта жұмыс жасауын дамыту.
✅Дөңгелек үстелді "Тəуелсіздік құрдастары",10 б жəне 6 класс тəрбиешілері Толғанай Анарбекқызы мен Айсулу Куандыковна, психолог Мейрамгүл Кантарбаевна ашты.

Толығырақ: "Отбасы, мектеп жəне саналы ұрпақ - табысты одақ бейнесі" тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика – математикалық мектеп – интернатында Педагогтердің кәсіби мерекесі қарсаңында жəне Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұстаздар арасында «Тимбилдинг» өткізілді. Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттай отырып, ұстаздар арасындағы достық қарым-қатынасты, ынтымақтастықты, өзара татулық пен бірлікті нығайту, рухани-мәдени құндылықтарын арттыру.

Толығырақ: Ұстаздар арасындағы тимбилдинг