Мектеп тарихы

Қазақстан Республикасы Президентінің 24.05.1996 жылғы «Дарынды балалар үшін мектептерді дамыту және мемлекеттік қолдау көрсету туралы» № 3002 жарлығы негізінде Ақтөбе облысы әкімінің №318(16.07.96) бұйрығымен ашылған.  Қазіргі таңда мектепте 232–і оқушы білім алуда. Мектепке 6–шы сыныптан бастап конкурстық негізде оқушылар қабылданады. Оқу физика-математикалық бағытта. Соңғы 3 жылдың қорытындысы бойынша үлгерім сапасы - 97,6%. Облыстық пәндік олимпиада жарысына қатысқан оқушыларымыздың – 71% жүлделі орындарға ие болды. Командалық есепте I –ші орын. Республикалық пәндік олимпиадаға, ғылыми жобаларға  қатысқан оқушыларымыз өз білімдерін жоғары дәрежеде көрсетіп келеді. Ұлттық бірыңғай тесттің қорытындысы бойынша соңғы үш жылда орташа балы – 107 болып, облыстың алғашқы үштігіне еніп отыр. 93%-ы Республика, ТМД елдеріндегі жоғары оқу орындарының грант иегерлері. Мектебімізде работотехника курсы жұмыс жасайды. Осының нәтижесінде облыстық жарыста командалық I-ші орынды жеңіп алды. Мектебіміздегі мұғалімдердің 60 %-ы жоғары санатты. 2016-2017 оқу жылының қорытындысы бойынша химия пәні мұғалімі республикалық «Үздік педагог» жүлдегері атанса, мектеп 2011, 2017 жылдары Республикалық «Ең үздік мамандандырылған мектеп»  конкурсының I орын иегері атанды. 7 мұғалім Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» жүлдегерлері, 2 мұғалім Республикалық инновациялық идеялар фестиваліне қатысып I жүлделі орынға ие болды, халықаралық мұғалімдерге арналған  олимпиадада физика-математика пәндерінен I-ші және II-ші орынды 2 мұғалім иеленді. Халықаралық физика-математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасында мектеп командалық II –орынға ие болды. Жалпы Республикада болып жатқан «Үздік сабақ жоспары», «Үздік мақала» конкурстарына үнемі қатысып жүлделі I, II – ші  орындарды жеңіп алып отыр. Жаңартылған мазмұнда білім беру бойынша 22 мұғалім курстан өтіп, 2 мұғалім (Бозшин Б., Айетова Б.) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру, білім беру бағдарламасы бойынша тренерлерді оқыту курсынан өтіп облыс мұғалімдеріне дәріс беруде. Мектепті бітірген түлектеріміздің 8-і Қауіпсіздік қорғау комитетінде Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау қалаларында қызмет атқарады. 1- оқушы үй құрылыс комбинатының директоры, 2-оқушы Канада, АҚШ елдерінің университеттерінде мұғалім. Жалпы мектеп түлектері жоғары оқу орындарын аяқтап өңдіріс, мұнай, банк салаларында еңбек етуде.

Қазақстан Республикасы Президентінің 24.05.1996 жылғы «Дарынды балалар үшін мектептерді дамыту және мемлекеттік қолдау көрсету туралы» № 3002 жарлығы негізінде Ақтөбе облысы әкімінің №318 бұйрығымен ашылған. ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің №901 (15.09.2000) бұйрығымен «Дарынды балалар үшін арнаулы мектептер жүйесіне»  енгізілді.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп – инетрнаты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының озық тәжірибесін таратуға арналған базалық мектебі болып облыстық білім басқармасының 24.06.2012 жылғы № 605 бұйрығы бойынша бекітілді.

 

 

Современный женский журнал.
Платные премиум shablony-dle.ru/
dle-joomla.ru